2024 жылдың 25 сәуірінде Теміртау тарихи-өлкетану музейі Ұлы Отан соғысына қатысушы, Жеңіс туын көтеруші, Қазақстанның Халық Қаһарманының 100 жылдығына орай «Ұлы даланың Ұлы есімдері» атты көшпелі білім беру бағдарламалары циклынан тұратын  арнайы жобаны іске асырды: «Жеңіс Туы».

Жоба № 10 ЖББМ базасында басталды. Бағдарлама қор жәдігерлерінен, архивтік құжаттар мен бейнематериалдардан құралған Рахымжан Қошқарбаевтың өмірін баяндайтын шағын экспозиция аясында өткізілді.

Бағдарлама бөлімдерінің бірі – «қара жәшікте не бар» форматындағы тарихи зерттеулер, онда музей жәдігерлері: І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, коньки, мандолина, балға, 1410 деген жазу, соғыс жылдарындағы касска және т.б. қазақ батырының тағдырын, батылдығын, қаһармандығы мен ерлігін баяндады.

Білім беру бағдарламасы өскелең ұрпақты әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеуге, өз Отанына деген сүйіспеншілікті оятуға, жастарды қазақстандық париотикалық рухта тәрбиелеуге бағытталған.    

Қаланың барлық оқу орындарын қамту жоспарлануда.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.