2024 жылғы 26 сәуірде «АRТ МІХ» атты суретшілер көрмесінің ашылуы өтті.

Бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша көктемде музей шығармашылық алаң ұсынады және қала суретшілерінің туындыларының көрмесін өткізеді. Көрменің міндетті шарты - жаңа туындыларды көрсету.

Биылғы жылы көрмеге белгілі теміртаулық суретшілер – Қазақстан республикасының суретшілер Одағының, Қазақстан республикасының дизайнерлер Одағының мүшесі Мұстафина Х., Аманжолов Б., Пильтихин Ю., Сатаев И., Лазариди В., Садовский В., Бабий С., сондай - ақ жас авторлар Николаева Е., Крупнова Т., Гайфулина О., Тришина П., Широпятов Э. - олардың ішінде көбісі «Т-АРТ» клубының мүшелері.

Ғ.Жұбанова атындағы Өнер мектебінің оқытушылары да өз жұмыстарын ұсынды. – Градова Э., Карягина Е., Мельханова Е., Соловьева С., Сотник А.

Көрме жанрлар мен орындау техникасының алуан түрлігімен ерекшеленеді. Классикалық, дәстүрлі шығармалардан бастап қазіргі абстракттық шығармаларға дейін.

Әсіресе табиғи ландшафт, натюрморт және портреттік композициялар кеңінен ұсынылған. Көрермендерді керемет графикалық эскиздер мен аниме стиліндегі суреттер қуантары сөзсіз.

Көрмеде қалалық мәдениет және демалыс саябағының шығармашылық тобы жасаған сәндік - қолданбалы өнер туындыларын - ағаш мүсіндерді және Е. Темиршаихованың авторлық жұмсақ ойыншықтарын көруге болады.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.