2024 жылғы 02 мамырында Теміртау тарихи-өлкетану музейінде «Ай жәдігері» жобасы аясында онлайн режимде «Әскери құрғақ азық үлесі» экспозициясының ашылуы өтті.

Біздің экспозицияда бүгін әскери құрғақ азық үлесі ұсынылған - әрбір қазақстандық әскери қызметшіге арнайы жүктерді алып жүру, далалық шығу, оқу-жаттығуларда, маневр жасауда, дүлей зілзала аудандарында, бітімгершілік операцияларда, яғни ыстық тамақ дайындауға мүмкіндік болмаған жағдайда берілетін жеке азық мөлшері.

Экспозиция ашу барысында біз Қостанай қаласының "Первомайск ТПК" ЖШС дайындаған № 17 жалпы әскери жеке тамақтану рационы туралы айттық. Біз оның құрамына қандай өнімдер кіретінін және олардың жарамдылық мерзімін нақты көрсеттік.

Сондай-ақ, біз ғалымдардың эксперименттер қалай жүргізетіні және әртүрлі әскер түрлерінің әскери құрғақ азық үлесіне не кіретінін анықтайтыны туралы ақпаратты ұсындық.

Біздің экспозицияда ұсынылған әскери азық үлесін Теміртау музейінің қорына 5516 әскери бөлім сыйға тапсырды.

Байланыстар

101404, Қарағанды ​​облысы
Теміртау қ. Металлугтер даңғ. 28/4

@

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7 (7213) 93-19-05
+7 747 185 58 02

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі-жұма

9.00 - 18.00-ге дейін

Сенбі-10.00 - 18.00-ге дейін

Жексенбі-демалыс.